Зеленский партиясы шамамен 44 пайыз дауыс жинады

788

Жексенбіде Украинада кезектен тыс Парламент сайлауы өтті. 

Зеленский партиясы шамамен 44 пайыз дауыс жинады

Алдын ала мәліметке сәйкес, Жоғарғы Радаға бес партия өткен.  Ең көп дауысты президент Владимир Зеленскийдің партиясы – "Халық қызметшісі" иемденіп отыр, деп хабарлайды Atameken Business.

Партияға халықтың 43,9% -ы өз дауысын берген.

Ал, елдің экс-президенті  Петр Порошенко жекекшілік ететін  "Еуропамен ынтымақтастық" партиясы 8,9% -бен үшінші орында келеді. Бұл экзит-полл қорытындысы және ол тек партиялық тізім бойынша сайланатын  депутаттарға байланысты көрсеткіш.

Жалпы, сайлауға Украинадағы дауыс беруге құқығы бар тұрғындардың 49,84 пайызы қатысқан.

Украинада пропорционалды-мажоритарлы сайлау жүйесімен дауыс берілді. Оған 22 партия, 6 мыңға жуық кандидат қатысқан.

Айта кетсек, Владимир Зеленский мамыр айында президент ретінде қызметіне кірісе сала Жоғарғы Раданы тарататынын мәлімдеген еді. Ол украиналықтардың парламентке сенімі жоғалғанын айтқан болатын.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу