Зеленский Путин және Трамппен қандай жағдайда келіссөз жүргізетінін айтты

155

Бұл туралы Владимир Зеленский өзінің кезекті сұхбатында айтты.

Зеленский Путин және Трамппен қандай жағдайда келіссөз жүргізетінін айтты Фото: news.ru

Украина АҚШ-тың жаңадан сайланған президенті Дональд Трамппен кездесіп, тиісті қауіпсіздік кепілдіктерін алғаннан кейін ғана Ресеймен келіссөзді бастай алады. Бұл туралы америкалық подкаст жүргізуші Лекс Фридманға берген сұхбатында Владимир Зеленский мәлімдеді, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты УНИАН-ға сілтеме жасап.

"Меніңше, 25 қаңтарда немесе басқа бір күні біз ең әуелі Трамппен кездесеміз. Біз онымен соғысты және Путинді қалай тоқтата алатынымызды келісеміз. Бұл жерде Еуропаның да дауысы болуы біз үшін өте маңызды", – деді Украина басшысы.

Зеленский Киевке қауіпсіздік кепілдігі ұсынылғаннан кейін ғана Мәскеумен сөйлесу мүмкіндігі болатынын айтты.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу