Зеленский Путинге бейнеүндеу жолдады

736

Украина Президенті Ресей Федарациясы жетекшісімен бірқатар батыс елі лидерлерінің алдында кездесуге шақыруда. 

Зеленский Путинге бейнеүндеу жолдады

Зеленский Путинге тағы да ұсыныс жасады, деп хабарлайды Atameken Business.

Бұл жолы Украина президенті Ресей Федарациясы жетекшісімен бірқатар батыс елі лидерлерінің алдында кездесуге шақыруда. Аттас әріптесіне ол видеоүндеу жолдаған. Егер Владимир Путин келіссе, онда кездесуге алаң ретінде Минск таңдалмақ.

Владимир Зеленский оған Александр Лукашенконың қарсы болмасына сенімді екенін айтады.

Ал қос Владимирдің кездесуіне куә болуға Ұлыбритания, Германия, Франция және АҚШ жетекшілері кіріпті. Тіпті Путин бұған да көнбесе, Зеленский Ресей мен Украина телеарналары арқылы телекөпір өткізуге дайын. 

"Ресей Федерациясының президенті Владимир Путинге өтініш білдіргім келеді. Сөйлесу керек пе? Керек. Қырым мен Донбаста кім жоқ екенін талқылайық. Кездесуге қатысатындар келесідей болсын: Сіз, АҚШ президенті Дональд Трамп, Ұлыбритания премьері Тереза Мэй, Германия канцлері Ангела Меркель, Франция президенті Эммануэль Макрон. Меніңше Александр Лукашенко бізді Минскіде қуана қабылдайды. Ешқандай дипломатиялық форматтан да бас тартпаймыз. Өйткені, сөйлесу керекпіз",– дейді Владимир Зеленский видеоүндеуде.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу