Негізі Зеленский де атысты тоқтатуға келісім берген, алайда ол 3 күн емес, кем дегенде 30 күн бойы қақтығыс болмағанын қалайды.
Бірақ Ресей тарапы бітімгерлік уақытын ұзартуға қатысты ұстанымдарын нақтыламады. Тек Жеңістің 80 жылдығына орай 3 күн ғана бітімге келуді ұсынды.
– Шартсыз атысты тоқтату – америкалықтар ұсынған үлгі. Біз онымен жүріп келеміз. Иә, 30 күндік атысты тоқтату туралы бітімгершілік жасап көрелік. Өйткені 3, 5, 7 күнде ештеңеге үлгеру, келісу мүмкін емес, – деді Владимир Зеленский.
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ
Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу