Зеленский: Ресей референдум өткізсе, ешқандай келіссөз жүргізбейміз

575

Ресей, басып алған аймақтарда референдум өткізетін болса, бізбен және одақтастарымызбен келіссөз жүргізем деп әуре болмасын. Зеленский осындай мәлімдеме жасады, деп хабарлайды Atameken Business.

Зеленский: Ресей референдум өткізсе, ешқандай келіссөз жүргізбейміз

Донбасстағы біраз жерді басып алғандар, аймақты Ресейге қосу мақсатында референдум ұйымдастырғалы жатыр. Оны күзге дейін жүзеге асырады деген жоспар бар.

2014 жылы да осындай сценарий қайталанып, өздерін халықтық республика жариялаған Луганск пен Донецк пайда болған.

Украина жетекшісін, осы саяси науқаннан бұрын, атом электр станциясына жасалған шабуылдардың жиілеуі алаңдатып отыр. Оны лаңкестік әрекет деп бағалаған Зеленский, Ресейді тоқтату үшін серіктестерінен тағы да көмек сұрады.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу