Зеленский: Ресей тағы бір жаппай зымыран соққысын жасады

501

Украина Президентінің мәлімдеуінше, Польша аумағына ресейлік зымырандар құлады. 

Зеленский: Ресей тағы бір жаппай зымыран соққысын жасады Фото: t.me/s/V_Zelenskiy_official

Владимир Зеленский халыққа жасаған кешкі үндеуінде бүкіл ел бойынша 90 зымыран атылғанын хабарлады. Ол Польшаға құлаған зымырандар Ресейден атылғанына сенімді екенін мәлімдеді, деп жазады inbusiness.kz Украина басшысының Телеграм арнасына сілтеме жасап. 

"Бүгін Ресей тағы бір жаппай зымыран соққысын жасады. Барлығы 90 зымыран. Салдарынан энергетикалық жүйе, кәсіпорындар мен тұрғын үйлер зақымдалды. Біз баяғыда ескерткеніміз бүгін де болды. Террор біздің ұлттық шекарамызбен шектеліп отырған жоқ. Ресейлік зымырандар Польшаға түсті. Террористік ел біздің мемлекетімізбен шектелмейтіні жөнінде қанша рет айттық? НАТО аумағына зымырандық соққы беру... Бұл Ресейдің ұжымдық қауіпсіздікке қарсы бағыттаған зымыран шабуылы! Бұл шынында да белгілі бір шиеленістің ұлғаюы. Әрекет қажет", - деп жазды Зеленский.

Украина президентінің айтуынша, ол Польша президенті Анджей Дудамен сөйлескен. Владимир Зеленский Польша азаматтарының қайтыс болуына байланысты көңіл айтып, барлық деректі білуге уәде берді. 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу