Зеленский Ресей тұтқынынан босатылғандардың санын жариялады

695

Украина президенті Владимир Зеленский орыс тұтқынынан босатылғандардың жалпы санын атады.

Зеленский Ресей тұтқынынан босатылғандардың санын жариялады Фото: www.president.gov.ua

Кремль Украинаға қарсы бастаған соғыстың барысында барлығы 2279 украиналық Ресей тұтқынынан босатылды, деп хабарлайды inbusiness.kz Украина президенті Владимир Зеленскийдің кешкі үндеуінің бейнежазбасына сілтеме жасап.

Оның айтуынша, азат етілгендердің көпшілігі әскери, негізінен қатардағы жауынгерлер мен сержанттар. 

"Ең маңыздысы, команда тұтқындағы адамдарды бөліп жармай барлығыр құтқару үшін жұмыс істейді", - деді Зеленский. 

"Тұтқыннан аман алып қалу кейде қиынға түскенімен, әсіресе тұтқындардың кейбір санаттарына жататын әскери қызметкерледі шығарудағы кедергілерге қарамастан, біз барлығын, соның ішінде азаматтық тұтқындарды да құтқаруға барымызды саламыз", деді ол.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу