Зеленский: Ресей Украинаға шамамен 3,5 мың қанатты зымыран ұшырды

530

Ол Ресей Федерациясы "өзінің арандатушылық әрекеттерін, Запорожье АЭС-індегі өзінің лаңкестігін талқылау үшін БҰҰ Қауіпсіздік Кеңесін жинап, бетпақтық танытып отыр" деп айтты.

Зеленский: Ресей Украинаға шамамен 3,5 мың қанатты зымыран ұшырды

Ресейдің Украинаға ұшырған қанатты зымырандарының жалпы саны 3500-ге жетті. Бұл туралы  Украина Президенті Владимир Зеленский айтты, деп хабарлайды inbusiness.kz.

"Басқыншылардың Харьковтағы тұрғын үйге жасаған соққысынан кейінгі іздестіру жұмыстары аяқталды. Өткен сәрсенбіде үйді бомба жарып жіберді. Тек бүгін ғана қаза тапқандардың мәйітттерін қирандылар астанынан шығарып алдық. Бұл шабуыл 19 адамның өмірін қиды. Мұндай соққы еліміздің түкпір-түкпіріне жасалып жатыр", – деді ол.

"Ресей бізге қарсы қолданған қанатты зымырандардың жалпы саны 3,5 мыңға жетті. Ресейлік артиллерияның соққыларын санау мүмкін емес, өте көп, қарқынын да анықтай алмай отырмыз", – деді Зеленский.

Сонымен қатар Зеленский Ресей Федерациясының халықаралық құрылымдармен "ойнап жатқанын" және "өзінің арандатушылық әрекеттерін, Запорожье АЭС-індегі өзінің лаңкестігін талқылау үшін БҰҰ Қауіпсіздік Кеңесін жинап, бетпақтық танытып отыр" деп айтты.

Табиғат Нұрболат

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу