Зеленский Ресейден 7 млрд доллар өндіріп алуға ниетті

343

Украина бұл бағытта нақты қадамдар әзірлеп жатыр. 

Зеленский Ресейден 7 млрд доллар өндіріп алуға ниетті Фото: 5 канал

Украина Ресейден шамамен 7 млрд доллар өндіріп алуға ниетті. Бұл туралы Украина президенті Владимир Зеленский мәлімдеді, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты. 

Зеленский бұл мәселені "Нафтогаз Украина" компаниясының басшысы Сергей Корецкиймен талқылаған. Украина тарапы бұл ақшаны халықаралық арбитраждық сот шешімдері негізінде өндіріп алмақ.

"Қазір бізде халықаралық арбитраждарда жалпы сомасы 6,9 млрд доллар болатын бірнеше оң шешімдер бар", – деп жазды Украина басшысы Telegram-арнасында.

Зеленскийдің сөзіне сүйенсек, бұл қаражатты Ресей Федерациясынан өндіру үшін нақты қадамдар дайындалып жатыр. Оның айтуынша, бұл халықаралық құқық жұмыс істеп тұр деген сөз.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу