Зеленский Ресейді БҰҰ Қауіпсіздік Кеңесінде дауыс беру құқығынан айыруға шақырды

483

Киевтің өтініші бойынша шақырылған Украина бойынша БҰҰ Қауіпсіздік Кеңесінің шұғыл отырысы өтті. 

Зеленский Ресейді БҰҰ Қауіпсіздік Кеңесінде дауыс беру құқығынан айыруға шақырды Фото: static.dw.com

Онда Украина президенті Владимир Зеленский Ресейді БҰҰ Қауіпсіздік Кеңесінде дауыс беру, вето қою құқығынан айыруға шақырды, деп хабарлайды inbusiness.kz.

"Террорист мемлекет (Украина үшін) өзінің агрессиясы мен террорына қатысты ешқандай дауыс беруге қатыса алмайды", — деді ол бейнебайланыс арқылы сөйлеген сөзінде.

Зеленский сонымен бірге Ресейді Қауіпсіздік Кеңесінің шешімдеріне вето қою құқығынан айыруға шақырды. Оның пікірінше, бұл шаралар "БҰҰ құрылымындағы әділеттілікті қалпына келтіреді".

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу