Зеленский: Ресейдің агрессиясы – әлемдегі барлық дағдарыстың себебі

1137

Украина басшысының сөзінше, ЗАЭС мәселесі ең жоғары халықаралық деңгейде, яғни БҰҰ мен МАГАТЭ-де қарастырылуда.

Зеленский: Ресейдің агрессиясы – әлемдегі барлық дағдарыстың себебі

Украина Президенті Владимир Зеленский "Ресейдің агрессиясы – әлемдегі барлық дағдарыстың түпкі себебі" деп мәлімдеді.

"Ресейдің әрекеті көптеген дағдарыстың басталуына әкеліп соқты. Өмір сүру құны дағдарысын, азық-түлік және энергетикалық дағдарыстарды айтуға  болады. Бұлар әлемде белгісіздіктің кең етек жаюына себеп болып отыр. Біз осы дағдарыстардың түпкі себебі ресейлік агрессия екенін ұмытпауымыз керек. Әсіресе Украина олардан қатты зардап шекті", – деді ол.

Украина басшысы Ресейдің шабуылынан кейін Запорожье атом электр станциясында апат болса, оның салдары көптеген елдерге, соның ішінде әлі күнге дейін Украина мәселесіне қатысты позициясын білдірмеген елдерге тиюі мүмкін екенін айтты.

Мемлекет басшысының сөзінше, ЗАЭС мәселесі ең жоғары халықаралық деңгейде, яғни БҰҰ мен МАГАТЭ-де қарастырылуда.

"Бірақ талқылаудан гөрі Ресейге, Росатомға және террорист мемлекеттің атом саласына қарсы жаңа қатаң санкциялар салу керек. Ресейдің барлық әскери күштері станция аумағынан және көрші аудандардан шығарылуы тиіс", – деді Зеленский.


Табиғат Нұрболат
 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу