Зеленский Ресейдің соғысты тоқтатуға ниеті жоқ екенін айтты

Украина президентінің сөзінше, Ресей жексенбіде Қара теңіздегі әскери кемелерден оқ атқан.  

Зеленский Ресейдің соғысты тоқтатуға ниеті жоқ екенін айтты Фото: Новости Молдовы

Ресей Қорғаныс министрлігі болса, шабуылдың әуе мен теңізден дәл тиетін қарумен жасалғанын растап отыр, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты. 

Еске салайық, осыған дейін екі ел – Мәскеу мен Киев энергетика нысандарына шабуылды тоқтатуға келіскен еді. Десе де, Ресей "теңізде бітім болу үшін санкцияларды ішінара алып тастау қажет" деген шарт қойды. Вашингтон бұл талапты орындамады. 

– Ресей дипломатияны бұрмалап, соғысты тоқтатқысы келмейді. Қақтығысты кез келген сәтте күшейту үшін мүмкіндікті сақтап қалғысы келеді. Сол себепті оған қысымды арттыру, қорғаныс қабілетімізді күшейту және санкцияларды сақтау қажет, – деді Зеленский. 

Әрине, бұл жағдай Ресей мен Украина арасындағы соғыстың әрі қарай шиеленісе түсуі мүмкін екенін көрсетеді. 

Бұған дейін Сауд Арабиясында өткен келіссөздер мен Трамптың екі ел президенттерімен телефон арқылы тілдесуі соғысты тоқтатуға бір қадам болсын жақындағандай әсер қалдырған-ды. 

– Украина АҚШ-тың екі тараптың өзара келісімімен ұзартуға болатын 30 күндік уақытша бітім енгізу туралы ұсынысын қабылдауға дайын екенін көрсетті. Бұл бітім Ресей Федерациясының келісімі мен оны бір мезетте орындауына тәуелді, – делінген еді Жиддадағы келіссөздерден соң жарияланған АҚШ-Украина бірлескен мәлімдемесінде.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу