Украина президенті Владимир Зеленский Ұлттық қауіпсіздік және қорғаныс кеңесінің Ресейдің заңды және жеке тұлғаларына санкция салу туралы шешімін мақұлады. Бұл жарлық Зеленскийдің сайтында жарияланды.
Елдің Сыртқы істер министрлігіне ЕО, АҚШ және басқа да мемлекеттердің құзыретті органдарын осы шектеулер туралы хабардар ету тапсырылды. Бұған дейін министрлер кабинеті Ұлттық қауіпсіздік және қорғаныс кеңесіне Ресейдің 13 әуе компаниясына санкция енгізу жағын қарастыруды ұсынған болатын.
Ресей мен Украина арасындағы қарым-қатынас 2014 жылы Донбастағы азаматтық соғыс кезінде нашарлап кетті. Киев Мәскеуді елдің ішкі істеріне араласқаны үшін бірнеше рет айыптаған еді. 2015 жылдың қаңтарында Украина парламенті Ресей "агрессор ел" деп аталған мәлімдемені қабылдады. Ресей болса, Украина таққан айыптарды мойындар емес.
Табиғат Нұрболат