Зеленский: Ресеймен келіссөз жүргізуді жалғастыру қажет

905

Ол келіссөздер жүргізу үшін мүмкіндіктер табу керек екенін айтты.

Зеленский: Ресеймен келіссөз жүргізуді жалғастыру қажет

Украина Президенті Владимир Зеленский украиналық журналистерге берген сұхбатында Ресеймен келіссөз жүргізуді жалғастыру қажет деп мәлімдеді, деп хабарлайды inbusiness.kz.

"Енді ештеңе туралы сөйлеспейік" деп айту өте оңай. "Мен сенімен сөйлеспеймін" деп айту да дәл солай. Ең қиыны – сөйлесу. Кездесуге мүмкіндік табу және сол кездесуде қазіргі жағдайдан шығудың жолын табу, өз аумағымызды жоғалтып алмау керек. Осы келіссөздерді осындай ұстаныммен жүргізу қажет деп санаймын", – деді Зеленский. 

Оның айтуынша, келіссөздер жүргізу үшін мүмкіндіктер табу керек.

Сонымен бірге ол Ресеймен арадағы келіссөздерде Киевтің позициясы мықты болғанын қалайтынын жеткізді.

"Қадамдарды таңдау керек. Менің басқа амалым жоқ дей алмаймын, мен үшін бұл проблема емес, мен шешімді тез қабылдаймын. Күн тәртібінде келіссөздер мәселесі тұр. Ол жиында Украина позициясының қаншалықты мықты болатыны бірқатар мәселеге байланысты болады", – деді Украина президенті.

Табиғат Нұрболат

Фото: apnews.com

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу