Зеленский Ресеймен келіссөздер жүргізуден бас тартты

582

Жексенбі күні РФ Сыртқы істер министрі Сергей Лавров жасаған мәлімдемеден кейін Украина президенті келіссөздер тұрғысында өз жауабын берді.

Зеленский Ресеймен келіссөздер жүргізуден бас тартты

Владимир Зеленский қазіргі уақытта Ресеймен келіссөздер жүргізуге дайын емес екенін жексенбі күні эфирде CNN арнасына берген сұхбатында хабарлады.

"Бүгінге берер жауабым "жоқ". Мен олардың (Ресейдің) тарапынан конструктивтілікке талпынысты мүлдем байқамадым. Маған талап қоятындармен мен араласпаймын", – деді Зеленский.

Сонымен қатар президент минск процессіне қатысты ойын ашық айтты. 

"Мен кейбір елдердің бізді минск процесіне итермелейтінін білемін. Алайда әлем мынаны түсініп, мойындауы керек. Дипломатиялық шешім бір бөлек, ал Минск -2, -3, -5, -10 мүлдем бөлек әңгіме. Бұл екі түрлі нәрсе, өйткені Минск – мән-мағынасы жоқ бос қағаз", – деді Зеленский Киев орындамаған Донбасстағы қақтығысты шешу жөніндегі Минск келісімдеріне сілтеме жасап.

Ол екі ел арасындағы келісім Ресей Украин территориясынан кеткеннен кейін ғана жасалуы мүмкін екенін хабарлады.

Ресей Федерациясының Сыртқы істер министрі Сергей Лавров жексенбіде Ресей Украинамен келіссөздерден бас тартпайтынын, бірақ Киевтің бұл процессті одан әрі созуы Мәскеумен келісімге келу мүмкіндігін қиындататынын айтты.

Ресей СІМ басшысы Киевтің мәлімдемесіне сәйкес, келіссөздер Украинаның жеңісінен кейін, "Ресей Украин жерлерінен кеткен кезде" өткізілуі мүмкін деген ұстанымын атап өтті. Лавров егер Украинаның таңдауы осы болса, онда Ресей арнайы әскери операция аясында қойылған мақсаттарына қалай жетуге болатындығын біледі деп қорытындылады.

Динара Мұрат

 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу