Зеленский РФ азаматтарына Батыс елдеріне баруға тыйым салуға шақырды

664

Украина басшысы ресейліктер "философиясын өзгертпейінше өз әлемінде өмір сүруі керек" дегенді айтты.

Зеленский РФ азаматтарына Батыс елдеріне баруға тыйым салуға шақырды

Украина президенті Владимир Зеленский Украинаның аумақтарын аннексиялауды тоқтату үшін Ресей азаматтарына Батыс елдеріне баруға тыйым салуға шақырды, деп хабарлайды inbusiness.kz.

"Ең маңызды cанкциялар – бұл шекаралардың жабылуы, өйткені орыстар бөтен жерді басып алып жатыр", – деді мемлекет басшысы The Washington Post басылымына берген сұхбатында.

Зеленский ресейліктер "философиясын өзгертпейінше өз әлемінде өмір сүруі керек" дегенді айтты.

Украина басшысының айтуынша, Украинада бастаған соғысы үшін Ресейге салынған санкциялар РФ азаматтарының Батыс елдеріне баруына тыйым салу мен ресейлік энергия көздерін сатып алуға салынатын толық эмбарго сияқты шектеулермен салыстырғанда "әлсіз".

Зеленский барлық ресейлік отанына оралып, сол жерде қалуы керек деп санайды.
"Бұл халық өз үкіметін таңдады, онымен күресіп жатқан жоқ, сынамайды да, қарсылығын да білдірмейді. Бүкіл әлем сіздердің ережелеріңіз бойынша өмір сүруі керек деп айтып жүрсіздер. Ендеше оқшауланып солай өмір сүріңіздер. Бұл –Путинге әсер етудің жалғыз жолы", – деді Украина президенті.

Табиғат Нұрболат

Фото: aa.com.tr

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу