Зеленский шенеуніктерге шетелге демалысқа шығуға тыйым салды

602

Жарлық орталық билікке әрі жергілікті биліктің шенеуніктеріне қатысты.   

Зеленский шенеуніктерге шетелге демалысқа шығуға тыйым салды Фото: РИА Новости

Украина президенті Владимир Зеленский дүйсенбіде шенеуніктерге, сондай-ақ құқық қорғау органдарының қызметкерлеріне шетелде демалыс өткізуге тыйым салатын жарлыққа қол қойды, деп жазады inbusiness.kz.

"Бүгін бірнеше маңызды Жарлықтарға қол қойдым. Шенеуніктердің шетелге шығуы туралы ҰҚҚК (Украинаның Ұлттық қауіпсіздік және Қорғаныс Кеңесі) түбегейлі шешімі бар. Шенеуніктер бұдан былай демалысқа немесе басқа да мемлекеттік емес мақсаттармен елден шыға алмайды", - деді ол бейне хабарламада.

Зеленскийдің айтуынша, Жарлық орталық билікке әрі жергілікті биліктің барлық деңгейлеріне жататын шенеуніктерге қатысты.

"Бұл құқық қорғаушыларға, халық қалаулыларына, прокурорлар мен мемлекетке қызмет ететін барлық адамдарға қатысты", - деді ол.

Зеленскийдің айтуынша, бес күн ішінде министрлер кабинеті шенеуніктердің шекарадан өту тәртібін әзірлеуі керек.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу