Зеленский Си Цзиньпинді Украинаға шақырды

607

Президент Зеленский Қытай басшысы Си Цзиньпинді Украинада қабылдауға дайын екенін айтты. 

Зеленский Си Цзиньпинді Украинаға шақырды Фото: inbusiness.kz

Украина билігі Владимир Зеленский мен Қытай Төрағасы Си Цзиньпиннің кездесуін ұйымдастырғысы келеді. Бұл туралы Украина президенті Associated Press-ке берген сұхбатында мәлімдеді, деп жазады Inbusiness.kz.

"Біз оны өз елімізде қарсы алуға дайынбыз. Мен онымен сөйлескім келеді, өйткені Қытай көшбасшысымен соңғы рет соғысқа дейін сөйлескен едік. Араласпағанымызға бір жылдан асты", - деді Зеленский.

Ол сондай-ақ Ресей президенті Владимир Путиннің Беларусьте тактикалық ядролық қару қоймасын орналастыру туралы шешім қабылдауы Си Цзиньпиннің Мәскеуге сапарының нәтижелерімен байланысты деп болжады. Оның пікірінше, Қытай Ресей басшылығы күткен қолдау көрсеткен жоқ.

"Бұл не дегеніміз сонда? Яғни кездесу Ресей үшін оң нәтиже берген жоқ", - деп болжады Зеленский.

Бұған дейін The Wall Street Journal дереккөздерге сілтеме жасай отырып, Си Цзиньпиннің Зеленскиймен онлайн келіссөздер жүргізуді жоспарлап отырғанын хабарлады..

Алайда ҚХР СІМ қытайлық көшбасшы Си Цзиньпиннің Украина президенті Владимир Зеленскиймен онлайн-кездесуін өткізу жоспарларының бар екенін растап не жоққа шығарған жоқ.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу