Зеленский сыртқы саясатты түзеп алуға ден қойды

790

Шілдеде парламент сайлауын өткізетін ел сыртқы байланысын жедел пысықтап жатыр.

Зеленский сыртқы саясатты түзеп алуға ден қойды

Франция мен Германия Украинаның шығысындағы шиеленісті тоқтатқысы келеді. Зеленскиймен кездескен аталған елдердің сыртқы істер министрлері Донбастағы кикілжіңді "Минск" келісімі негізінде тоқтатуға болатынын айтты. Сол үшін олар қатарына Ресейді қосып, "Норманд форматындағы" кездесу өткізуді жоспарлап отыр, деп хабарлайды Atameken Business.

Мұндай басқосу соңғы жылдары өткен жоқ. Осыдан 5 жыл бұрын қабылданған "Минск" келісімі негізінде Донецк және Луганск облыстарына "ерекше мәртебе" берілген. Ол жерде өтетін сайлауды халықаралық бақылаушылар қадағалайды.

Соңғы 4 жылда аталған аймақтағы қарулы қақтығыс саябырлағанмен, Украинаның шығысында тыныштық орнаған жоқ. Батыс елдері оған Ресейді кінәлайды. Сол үшін санкцияны күшейтіп отыр. Ал Кремль болса, Донбастағы сепаратистермен Украина өзі келісім орнату керек деп санайды. Сол себепті шілдеде парламент сайлауын өткізетін ел сыртқы байланысын жедел пысықтап жатыр.

"Украина президентінің айтуынша, ең маңызды мәселе ол – бейбітшілік. Біз оны қолдаймыз. Сарапшыларымызбен ақылдасып, осы уақытқа дейін дағдарып қалған байланысты реттеп, бейбіт келісімдерді жандандыратын боламыз",– дейді Германияның сыртқы істер министрі Хайко Маас.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу