Оның сөзінше, Зеленский АҚШ президентіне қорғаныс-өнеркәсіп және сауда салаларындағы ынтымақтастыққа қатысты жаңа ұсыныстары бар хат жіберген, деп жазады inbusiness.kz сайты.
– Украина мен АҚШ арасындағы экономикалық серіктестікті жүзеге асыруға ерекше назар аударылады. Мемлекет басшысы президент Трампқа қорғаныс-өнеркәсіп және сауда салаларындағы ынтымақтастықты дамыту жөнінде жаңа ұсыныстар жазылған хат жіберді, – деп жазылған хабарламада.
Газета.ru басылымы Зеленскийдің бұл хатты Рим қаласында АҚШ вице-президенті Вэнс және Мемлекеттік хатшы Марко Рубиомен кездесуден соң дайындауға әрекет еткенін жазады.
Вэнс пен Зеленский ақпан айында Ақ үйде болған шулы пікірталастан кейін бірінші рет жүздескен. Кездесуде қос саясаткердің көңіл күйі көтеріңкі болғаны, қол алысып, әңгіме өрбіткені айтылады.
Сондай-ақ, The Guardian басылымы украиналық шенеуніктердің пікіріне құлақ түріп, Ресеймен қақтығыс барысында АҚШ-тың қандай болса да қолдауы Киев үшін өте маңызды әрі тиімді екенін жазған. Басылым Украинаның тіпті бейбіт келісім жасалса да, бейтарап мәртебесі бекітілсе де, Батыспен әскери ынтымақтастықты сақтауға мүдделі екенін еске салады.