Зеленский Трамппен телефон арқылы сөйлесті

Олар екеуара әңгімеде "әділ әлем үшін" тезисін қозғады. 

Зеленский Трамппен телефон арқылы сөйлесті Фото: Shannon Stapleton/Reuters

Украина Президенті Владимир Зеленский Президент сайлауында жеңіске жеткен Дональд Трамппен телефон арқылы тілдесіп үлгерді, деп жазады inbusiness.kz тілшісі.

Ал бұған дейін әлемдік БАҚ-та Ресей Президентінің Трампты ресми құттықтамағаны талқыланған еді. 

Трамп пен Зеленский екі ел арасындағы ынтымақтастықты дамыту туралы келіскен. Сонымен қатар, Зеленский АҚШ басшылығының "әділ әлем үшін", "күш арқылы бейбітшілік" тезисінің ұнағанын айтып, оның маңыздылығына тоқталған. Ол мұны Украинадағы соғысқа да қолдануға болатынына баса мән беріп отыр. 

Еске салайық, сайлау науқанында Трамп президент болса, соғысты тезірек аяқтайтынын, Зеленскиймен де, Путинмен де "жақсы қарым-қатынаста" екенін шегелеп айтқан еді. 
Күні кеше Валдай форумында Путин "Ресей Украинамен бейбіт келісімге дайын. Алайда ол Киевтің қалауына емес, Ыстамбұл келісімдеріне және ұрыс даласындағы шынайылыққа сүйенуі тиіс" деген болатын. 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу