Президент Владимир Зеленский республикашыл Дональд Трампты АҚШ президенттік сайлауындағы жеңісімен құттықтады, деп жазады inbusiness.kz сайты.
Украина көшбасшысы Трамп соғысты әділ аяқтауға көмектесетін "күш арқылы бейбітшілік" тәсілін ұстанады деп үміттенеді.
"Дональд Трампты сайлаудағы керемет жеңісі үшін құттықтаймыз!" – деп жазды Зеленский.
Ол қыркүйекте Трамппен болған "керемет кездесуді" есіне алды. Президенттің айтуынша, бұл кездесуде Украина мен АҚШ арасындағы стратегиялық серіктестік, Жеңіс жоспары және Ресейдің Украинаға агрессиясын тоқтату жолдары жан-жақты талқыланды.
Зеленский Трамптың "күш арқылы бейбітшілік" тәсіліне адалдығын бағалайтынын айтты. Бұл принцип Украинадағы әділетті бейбітшілікті жақындата алады, деп есептейді президент.
"Біз президент Трамптың шешуші басшылығымен күшті Америка Құрама Штаттарының дәуірін асыға күтеміз. Біз АҚШ-та Украинаға екіжақты күшті қолдаудың жалғасатынына сенеміз", – деп жазды Зеленский.
Украина өзара тиімді саяси және экономикалық ынтымақтастыққа мүдделі, деп қосты Зеленский.
"Мен президент Трампты жеке құттықтап, Украинаның АҚШ-пен стратегиялық серіктестігін нығайту жолдарын талқылау мүмкіндігін асыға күтемін", – деп түйіндеді ол.
Ал Трампты әлем көшбасшылары қарсы алуды жалғастыруда. Мұны Франция президенті Эммануэль Макрон, Сербияны Александр Вучич, Литваны Гитанас Науседа, Ұлыбритания премьер-министрі Кейр Стармер, Израиль премьер-министрі Беньямин Нетаньяху және Венгрия премьер-министрі Виктор Орбан жасады.