Зеленский Украина Президенттігіне екінші рет үміткер болады

555

Ол мұндай жағдайда Украинаны тастап кете алмайтынын айтты.

Зеленский Украина Президенттігіне екінші рет үміткер болады Фото: belsat.eu

Украинаның қазіргі президенті Владимир Зеленский 2024 жылы, соғыс барысында президент сайлауы өткізілген жағдайда қатысатынын айтты, деп хабарлайды inbusiness.kz Португалияның RTP телеарнасына сілтеме жасай отырып.

Зеленский Украинаны тастап кетпейтінін атап өтті.

"2024 жылы, соғыс жалғасын тапқанына қарамастан, сайлау өтетін болса, мен ешқашан мемлекетімді тастамаймын. Өйткені мен Конституцияның кепілімін және оны бәрібір қорғаймын", - деді ол.

Журналистер 2019 жылғы сайлауға дейін ол тек бір мерзімге сайланамын деп уәде бергенін еске салды. Сонымен бірге, елде әскери жағдай енгізілген жағдайда Украина Конституциясы сайлау өткізуге тыйым салады. 

"Егер ештеңеге қарамастан сайлау болса, онда ол әскерилер бірінші кезекте дауыс бере алатындай біздің территориямызда болуы керек, сондықтан бізге әлемнің түкпір-түкпірінен бақылаушылар қажет. Мен президент болған кездегі сайлаудағыдай бәрі заңды, ашық және демократиялық болғанын қалаймын", - деді Зеленский.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу