Зеленский Украинадан елшіліктердің эвакуациялануын дипломатиялық ойын деп атады

777

Украина президенті жақын арада Ресей, Германия және Франция басшыларымен кездесуі мүмкін екенін айтты.

Зеленский Украинадан елшіліктердің эвакуациялануын дипломатиялық ойын деп атады

Украина Президенті Владимир Зеленский елдің шығысындағы жағдайды бақылап отырғанын айтып, елдің тұрақсыздандыру әрекеттеріне төтеп бере алатынын жеткізді, деп хабарлайды inbusiness.kz.

Бұған дейін АҚШ, Ұлыбритания, Германия, Австралия және Канада өз елшіліктері қызметкерлерінің бір бөлігін Украинадан эвакуациялайтынын жариялаған еді.

"ЕО мемлекеттері және басқа елдер Украинадағы барлық қызметкерлерін қалдырып отыр. Ал бірқатар ел өз дипломаттарының бір бөлігін алып кетуі сөзсіз эскалация болады дегенді білдірмейді. Бұл –  дипломатиялық ойынның нышаны ғана", – деді Зеленский.

Владимир Зеленский азаматтарды жалған мәліметке сенбеуге шақырды. Ол жақын арада Ресей, Германия және Франция басшыларымен кездесуі мүмкін екенін айтты. 

"Украинаның шығысындағы жағдай бақылануда. Ия, атыс болды, атысты тоқтату режимі бұзылуда, шекарамыздың жанындағы әскерлер кеткен жоқ. Бірақ ең бастысы, қаза тапқандар мен жарақат алғандар жоқ", – деді Зеленский.

Табиғат Нұрболат

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу