Зеленский Украинаны НАТО-ға дереу қабылдауға үндеді

664

Бұған дейін де ол осындай мәлімдеме жасаған еді.

Зеленский Украинаны НАТО-ға дереу қабылдауға үндеді Фото: rbc.ru

Владимир Зеленский Украинаның НАТО-ға кіруі туралы мәселені дереу шешу керек екенін, өйткені елдің тәуелсіздігіне қауіп төніп тұрғанын мәлім етті, деп хабарлайды Inbusiness.kz.

"Менің ойымша, егер бізді НАТО-да қабылдаса, егер олар бізді өз құрамына енгізгісі келсе, бұл мәселені созудың еш себебі жоқ. Қазір бізге қауіп төніп тұр, біздің тәуелсіздігімізге қауіп төніп тұр, дәл қазір бізге көмек керек", – деді ол.

Зеленскийдің айтуынша, Украина уақыт өте келе қайтсе де одаққа кіреді, бірақ украиналықтар елдің одаққа мүше болатындығына оншалықты сеніп отырған жоқ.

Бұған дейін Украина басшысы сәуір айында Figaro газетіне берген сұхбатында Украина Еуропалық Одақ пен НАТО-ның "күту залынан" шығуға лайық деп мәлімдеген еді.

"Біз ЕО мен НАТО-ның күту залында ұзақ уақыт тұра алмаймыз. Украина ол жерден шығуға лайық деп санаймын. Бұл мәселені тезірек шешетін уақыт келді, бізді ЕО мен НАТО-ға қосуға үндейміз. Өйткені біз жалынып сұрағымыз келмейді", – деді Зеленский.

Табиғат Нұрболат

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу