Зеленский Украинаның қанша жауынгері қалғанын айтты

630

"Шетке кеткендер ақшалай көмектесуі керек".

Зеленский Украинаның қанша жауынгері қалғанын айтты Фото: visitukraine.today

Украина әскерінің қатарында 880 мың адам бар. Бұл туралы Украина президенті Владимир Зеленский немістердің ARD телеарнасына берген сұхбатында айтты, деп хабарлайды Inbusiness.kz сайты.

"Бізде 880 мың, яғни миллиондаған әскеріміз бар. Сонымен қатар, бізде қазір 30 миллион адам бар, нақтырақ айтсақ, қазір 30 миллион адам жұмыс істейді, мүмкін одан да көп. Нақты санын айта алмаймын", - деді президент.

Оның айтуынша, шамамен 6,5-7,5 миллион адам өзге елге босып кеткен.

Зеленский соғыстың алғашқы күндерінде шетелге кеткен әскери борышын өтеушілер елге оралып, соғыспаса, салық төлеуі керек, деген ойын айтты.

"Адамдар әртүрлі себептермен кетіп қалды. Соғыстың алғашқы күндерінде барлық шекара ашық болды. Соғыс болды, адамдар балаларын аман алып қалды, мұны барлығы толық түсінеді. Украина заңынан тыс кеткен, мобилизация жасындағы адамдардың Украинада болғанын қалар едік. Мәселе олардың бәрі майданда болуы шарт емес – бізде үлкен армия бар. Елден кетіп жұмысына оралмағандар бар. Бұл олардың құқығы. Бірақ егер олар Украина азаматтары болса, салықты Украинада төлеуі керек. Өйткені біз бұл ақшаны бізді қорғайтын сарбаздарымызға береміз", - деді ол.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу