Украина президенті Владимир Зеленский дипломат Петр Врублевскийді Украинаның Қазақстандағы Елшісі қызметінен босатуды көздейтін Жарлыққа қол қойды.
"Петр Юрьевич Врублевскийді Украинаның Қазақстан Республикасындағы Төтенше және Өкілетті Елшісі қызметінен босату. – Украина президенті В. Зеленский", – делінген Жарлықта.
Қазақстан Сыртқы істер министрлігі Украина елшісінің 21 тамызда қазақстандық блогерге берген сұхбатына қатысты наразылық білдірді. Блогер Диас Құзайыровқа берген сұхбатындағы Врублевскийдің орыстарға деген дұшпанды көзқарасын ашық білдірген тұстары бірқатар БАҚ-та жарияланды. Атышулы сұхбаттан кейін Қазақстан елшісі Ермек Көшербаев Ресей СІМ-не шақырылды, онда оған Украинаның Қазақстандағы елшісі Петр Врублевскийдің айналасындағы жағдайдың дамуына қатаң жол берілмейтіндігі туралы мәлімделді.
ҚР СІМ Украина елшісінің сөздеріне байланысты наразылық білдірді. ҚР Сыртқы істер министрінің орынбасары Ермұхамбет Қоныспаев Петр Врублевскиймен жеке кездесіп, жағдайды талқылады.
Врублевскийдің сөздері Қазақстан халқы ассамблеясында да айыпталды.
Ал Украина дипломаттың жанжалды сөздерінен кейін жақын арада Қазақстандағы жаңа елшіні таныстыруға уәде берді.