Зеленский Украинаның Қазақстандағы жаңа елшісін тағайындады

344

Бұл қызметті Виктор Майко атқарады.

Зеленский Украинаның Қазақстандағы жаңа елшісін тағайындады Фото: Хроника Туркменистана

Жарлық Украина президентінің ресми сайтында жарияланған, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

"Виктор Майко Украинаның Қазақстан Республикасындағы төтенше және өкілетті елшісі болып тағайындалсын", – делінген Зеленскийдің жарлығында. 

Lb.ua порталының жазуынша, Виктор Майко 2005 жылдың наурызынан 2010 жылдың мамырына дейін Украинаның Түрікменстандағы елшісі, 2006 жылдың мамырынан 2010 жылдың мамырына дейін Украинаның Ауғанстандағы елшісі қызметін қоса атқарушы лауазымында болған. 

2010 жылдың сәуірінен 2014 жылдың наурыз аралығында Украина сыртқы істер министрінің орынбасары қызметін атқарған.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу