Зеленский жақын арада Трамппен кездеседі

114

Кездесудің нақты қашан әрі қайда өтетіні айтылмады.  

Зеленский жақын арада Трамппен кездеседі Фото: timesofisrael.com

Украина президенті Владимир Зеленский Ақ үй басшысы Дональд Трамппен жақын арада кездесетінін мәлімдеді, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты DW-ға сілтеме жасап.

The Kyiv Post басылымының жазуынша, екі көшбасшы 28 желтоқсанда АҚШ-та жүздесуі мүмкін.

"Бір күнді де құр өткізбейміз. Президент Трамппен жақын уақытта ең жоғары деңгейде кездесуді өткізу туралы уағдаластық. Жаңа жылға дейін біраз нәрсе шешілуі мүмкін", – деп жазды Владимир Зеленский Telegram-арнасында арнасында.

Бұған дейін Украина басшысы АҚШ-тың арнайы өкілі Стив Уиткоффпен және Дональд Трамптың кеңесшісі Джаред Кушнермен телефон арқылы өте жақсы әңгіме өрбігенін жеткізді.

"Жұмыстың бірқатар маңызды тұстарын талқыладық. Ортақ нәтиже мен ұзақ мерзімді бейбітшілікке қол жеткізуге арналған жақсы идеялар бар", – деді Владимир Зеленский.

Сондай-ақ Зеленский соғысты тоқтату бойынша Вашингтон мен Киев келіскен жоспардың соңғы нұсқасында бірқатар ымыраға қол жеткізілгенін де айтқан болатын.

Айта кету керек, бұған дейін Владимир Зеленский соғыс жағдайында сайлау өткізуге дайын екенін айтқанын жазғанбыз.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу