Зеленскийдің кеңсесі Украинаның НАТО-ға кіруі мүмкін уақытты айтты

776

Зеленскийдің кеңесшісі Арестович Украинаның НАТО-ға 2023 жылдың жазында кіруі мүмкін дейді. 

Зеленскийдің кеңсесі Украинаның НАТО-ға кіруі мүмкін уақытты айтты

Ел басшылығы 2023 жылдың шілде айында Вилньюсте өтетін Саммитте Украина НАТО құрамына кіреді деп есептейді.

Бұл мерзімді Украина президентінің кеңесшісі Алексей Арестович айтты, деп хабарлайды Inbusiness.kz Страна.ua-ға сілтеме жасап.

Оның айтуынша Киев альянсқа кіру туралы өтініш берген соң Украинаға ядролық соққа жасау қаупі азайған.

"НАТО енді үміткер дәрежесін беруі мүмкін. Бұдан кейін ядролық қарумен шабуылдау, НАТО-ға мүше мемлекетпен соғысу қиынырақ болады", – деді Арестович.

Айта кетейік, 30 қыркүйекте Украина президенті жедел түрде НАТО-ға кіру туралы өтініш бергенін мәлімдеді. Зеленский өз сөзінде Киевтің альянсқа мүше болу жолын жүріп өткенін, қазірдің өзінде оның бір бөлігі екенін атап өтті.

Алайда альянс мүшелері Украины НАТО құрамына қабылдайтынын ашық айтып отырған жоқ.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу