Зеңгі баба тұқымы 40 мың басқа жетті

1416

Зеңгі баба тұқымы 40 мың басқа жетті

Қостанай облысының Амангелді ауданында 2011-2017 жылдар аралығында "Сыбаға" бағдарламасы бойынша 59 жоба игерілді.

Жиырма жылдан бері жеке шаруа қожалығын басқарып келе жатқан

Боранбай Қойшыманов үкіметтен 11 млн теңге несие рәсімдеп, 58 бас аналық сиыр мен үш бұқа алған. Биыл сиырлары бұзаулап, мал басын едәуір көбейтіп алған. Ал "Нәтижелі жұмыспен қамту және жаппай кәсіпкерлікті қолдау" бағдарламасы шеңберінде кәсіп бастаған Ғизат Кеделбаев, үкімет берген 4 млн теңгеге 21 бас тайынша сатып алып, шағын мал бордақылау алаңын ашқан.

"Маған 4 млн теңгені 6 жылға берді. Бұл қаржыны дер кезінде қайтаратыныма және табысқа кенелетініме қазірдің өзінде көз жеткізіп отырмын", - деді ол.

Былтыр ауданда 70 отбасы бірігіп, екі кооператив құрыпты. Бұл туралы Амангелді ауданы әкімінің орынбасары Талғат Карбозов: "Өткен жылы нәтижелі жұмыспен қамту бойынша 200 млн теңге игерілді. Екі кооперативке 153 млн теңге қаржы бөлінді. Өткен жылмен салыстырғанда Зеңгі баба тұқымы 120%-ға өсіп, 40 мың басқа жетті. Биыл Амангелді ауданының шаруалары 1500 бас ірі-қараны етке тапсыруды жоспарлап отыр", - деді.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу