"Зерде" жабылмасын: Холдингке қарасты компания қызметкерлері Президенттен көмек сұрады

837

Президенттің сын-ескертпесінен кейін таратылып жатқан "Зерде" холдингінің қызметкерлері енді мемлекет басшысынан араша сұрап отыр, деп хабарлайды Atameken Business.

"Зерде" жабылмасын: Холдингке қарасты компания қызметкерлері Президенттен көмек сұрады

Мәселені қайта қарауын өтінген IT мамандар, тіпті, Президентке ашық хат жолдады.

Жұмысын тиянақты орындаған компания аяқасты неліктен таратыла қалғанына әлі күнге дейін түсінбей жүр. Жүктелген міндетті қамшы салдырмай орындаған олар "соңғы екі жылда атқарған қызметіміз ұшан-теңіз әрі нәтижелі", дейді.

Айталық, жемқорлық схемасының көзі жойылды. Трайбализмге тосқауыл қойылды. Кадрлық ауыс-түйістер жасалды. Оған қоса, бюджет қаржысын жұмсау көрсеткішін 15 млрд теңгеге қысқартқан.

IT мамандар мұның бәрін еш кетіргісі келетіндердің барын да айтып қалды. Ал Зерде холдингінің басшысы Арман Әбдірасылов бізге берген сұхбаттардың бірінде Үкіметтің бұл шешіміне таң қалғанын жеткізді.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу