Ақмола облысының Зеренді көлінде 32 жастағы ер адам суға батып кетті, деп хабарлайды inbusiness.kz тілшісі Ақмола облысы ТЖД баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
"Ер адам Зеренді көліне туыстары және достарымен демалуға барған. Демалушылардың сөзінше, ер адам жағалаудан 10 метр жерде суға батып кеткен. Ол тұста судың тереңдігі - 170 см. Қазіргі кезде оқиғаның мән-жайы анықталып жатыр", - делінген хабарламада.
Осы ретте Ақмола облысы төтенше жағдайлар департаменті облыстың тұрғындары мен қонақтарына судағы қауіпсіздік ережелерін сақтау керектігін ескертеді.
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ
Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу