Ақмола облысы Зеренді аудан орталығында болған апат салдарынан ондаған үй жылусыз қалды, деп хабарлайды inbusiness.kz.
Ақмола облысы әкімдігінің баспасөз қызметінің хабарлауынша, 28 наурызда жылу магистралінің металл конструкциясы опырылып түскен. Қазіргі уақытта жылу беру тоқтатылды. Бұл ауданда абоненттер саны 466. Жылу беру үшін уақытша орталық қазандық уақытша іске қосылады.
Жылу магистралінің құлаған учаскесін қалпына келтіру жұмыстары мердігермен келісімшарттық міндеттемелер аясында жүргізіледі.
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ
Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу