Зерендiні дамытудың жол картасына енгізілген шараларға 16 миллиард теңге қарастырылды

628

Зерендi ауданында туризм бойынша кеңес құрылды. 

Зерендiні дамытудың жол картасына енгізілген шараларға 16 миллиард теңге қарастырылды

Бизнес өкiлдерi Зерендi ауданында туризмдi дамыту перспективалары туралы талқылады, деп хабарлайды өңір әкімінің баспасөз қызметі.

"Өңiрiмiзде "Ауыл – ел бесiгi" жобасы iске асырылып жатыр, оның аясында туристiк кластердiң дамуына ерекше назар аударылады. Оған үш аудан орталығы енгiзiлдi – Аршалы, Зерендi және Астрахан, 2,8 млрд теңге бөлiндi, бұл соманың жартысына жақыны Зерендi ауданына көзделiп отыр. Ең бастысы бiз инфрақұрылымды жақсартамыз, жолдарды жөндеймiз, олардың 25 километрi тек Зерендiнiң iшiнде ғана. Жаңа тротуарлар, жарықтандыру, рекреациялық аймақтар және басқа да нысандар салынады" – деп атап өттi облыс әкімі Ермек Маржықпаев жиында.

Өңiр басшысы облыста ЩБКА-на ұқсас Зерендi курорттық аймағын дамыту бойынша жеке бағдарлама дайындалып жатқанын айтты. Сонымен бiрге, жуырда Зерендi ауданында туризм бойынша кеңес құрылды. Бизнесмендердiң тiкелей қатысуымен туризмдi дамытудың жол картасы әзiрленiп, оған 16 млрд теңге сомасына 40 iс-шара енгiзiлдi.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу