Зергерлік бұйымдардың құны 23,9%-ға қымбаттады

983

Зергерлік бұйымдарды инвестициялау құралы ретінде қарастыруға болады.  

Зергерлік бұйымдардың құны 23,9%-ға қымбаттады

Соңғы 11 жылдағы зергерлік бұйымдар мен сағаттар бағасы тек қымбаттап келеді, деп жазды inbusiness.kz тілшісі Бірінші кредиттік бюроға сілтеме жасап. 

Бірақ ең үлкен өсім 2022 жылдың наурызында тіркелген. Қазақстанда ресми мәлімет бойынша зергерлік бұйымдардың құны 23,9%-ға қымбаттады. Бұл алдыңғы 3 жылдағы көрсеткішпен тең. Яғни 2019-2021 жылдары жалпы өсім 25%-ды құрады.

Бұған себеп әлемдік нарықтағы алтын бағасының өсуі. 1 грамм бағалы металдың ресми құны ақпан айының ортасында 25 мың теңге шамасында болса, 10 наурызға қарай 33 мың теңгеден асып кеткен. Кейін айдың соңына қарай баға 28,3 мың теңгеден төмендеді.

Бағаға ықпал еткен екіншісі себеп – сұраныстың артуы. Ал бұл, әлбетте, 8 наурыз мерекесімен байланысты. Сонымен қатар наурыз айының басында теңге бағамы құлдырады, доллар сатып алу мүмкін емес еді. Мұндай жағдайларда зергерлік бұйымдарды инвестициялау құралы ретінде қарастыруға болады.  

Сонымен қатар қолма-қол шетел валютасын, сондай-ақ алтын құймалар мен монеталарды Қазақстаннан тыс жерлерге шығаруға қойылған шектеулерді еске саламыз. Бірақ бұл  зергерлік бұйымдар мен сағаттарды қамтитын сәнді тауарларға қатысты емес. 

Құралай Құдайберген

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу