Зерттеу: әлемдегі көлеңкелі экономиканың көлемі 33%-дан асты

1467

Зерттеу: әлемдегі көлеңкелі экономиканың көлемі 33%-дан асты

Кәсіподақтардың жалпыға ортақ  конференциясы кеңесінің жариялаған баяндамасына сәйкес, 1960 жылдардың басында әлемдік экономикадағы көлеңкелі қызметтің үлесі 5,6% болса, бүгінгі күні әлемдік ЖІӨ-нің 33%-дан астамы, немесе 39 трлн доллардан астамы көлеңкеде жүр, деп жазады "Коммерсантъ".

Атап айтқанда, 45 жыл ішінде  ЖІӨ көлеңкелі қызметтің үлесі Швецияда 11 есе, Германияда 8 есеге өскен.

Бүгінгі күні елдің ЖІӨ заңсыз экономикасының ең төмен үлесі  Швейцарияда (6,5%), ал ең жоғары Болгарияда (30,6%) болып отыр. Ресейде көлеңкеде жүрген экономиканың үлесі 3%-ға өсті. Өзге мәліметтер бойынша, мәселен Global Financial Integrity халықаралық ұйымының дерегінше, Ресейдегі жасырын экономиканың үлесі елдің ЖІӨ-нің 46%-ын құрайды.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу