Зерттеу: Депрессияны емдеу жүрек ауруларының қаупін төмендетеді

475

Тиісті зерттеу жұмысы Еуропалық жүрек қоғамының European Heart Journal журналында жарияланды.

Зерттеу: Депрессияны емдеу жүрек ауруларының қаупін төмендетеді Фото: google

Бұл депрессия белгілерінің азаюы мен ықтимал жүрек-қан тамырлары аурулары дамуының бәсеңдеуі арасындағы байланысты зерттейтін бірінші зерттеу делінген,  деп жазады inbusiness.kz upi.com порталына сілтеме жасап. 

Авторлар Англиядағы 45-тен астам ұлттық электронды денсаулық жазбаларының дерекқорынан депрессияға ұшыраған 636 955 ересек адамның нәтижелеріне зерттеу жүргізген. Пациенттер психологиялық терапия курсынан өткен, оларда жүрек-қан тамырлары аурулары немесе деменция болмаған.

Зерттеушілер психологиялық емдеу, жүрек-қан тамырлары аурулары және өлім-жітім жағдайлары бойынша ақпаратқа талдау жасады.

Лондон университеттік колледжінің докторанты Селин Эль Баудың сөзінше, бұл зерттеуден психикалық денсаулықты жақсарту физикалық денсаулыққа да, әсіресе 60 жасқа толмағандарға да көмектесе алады деген болжам жасауға болды.

"Терапиядан кейін депрессия белгілері жақсарған адамдарда жүрек-қан тамырлары ауруларының қаупі симптомдары жақсармаған адамдармен салыстырғанда 10-15% төмен болған", - деді ол.

Депрессия деңгейі терапияға дейін және одан кейін бірқатар сезімді бағалау арқылы бағаланған. Адам жағдайының жақсаруы шкала бойынша ұпайлардың азаюына негіз болған. 

Орташа 3,1 жылдық бақылау кезеңінде қатысушылардың 59%-ында депрессия белгілері жақсарса, 41%-ында оң нәтиже байқалмаған. Депрессияның жақсаруы зерттелушілердің әртүрлі топтарында жүрек-қан тамырлары қаупінің 12%-дан 19%-ға дейін азаюымен байланысты болды.

Лондон университеттік колледжінің докторанты Селин Эль Бау зерттеу нәтижелері жүрек-қан тамырлары ауруларының бәсеңдеуі депрессиядан айығудан болғанының нақты дәлелі емес екенін атап өтті.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу