Бразилияның бұрынғы президенті жеңілісін ресми түрде мойындамады

562

Бразилияда өткен жалпы сайлаудан кейін президенттік орнынан айырылған Жаир Болсонару біраз үнсіздіктен кейін, өз пікірімен бөлісті.

Бразилияның бұрынғы президенті жеңілісін ресми түрде мойындамады Фото: REUTERS

Мемлекет басшысы қызметінен кетіп бара жатқан саясаткер оған дауыс берген сайлаушыларға алғысын білдіріп, елдің конституциясын ұстануға уәде берді. Бірақ ресми түрде жеңілгенін мойындамады және сөз арасында жеңіске жеткен Лулу да Силва туралы бірде-бір рет айтқан жоқ.

Дегенмен Бразилияны шарпыған наразылық толқынына қатысты түсініктеме берді.

"Қазіргі халық толқулары – сайлау процесінің қалай жүзеге асырылғанына қатысты наразылық пен әділетсіздік сезімінің нәтижесі. Бейбіт демонстрациялар әрқашан құпталады. Бірақ біздің әдістеріміз халыққа зиян келтірумен ерекшеленетін солшылдардың әрекеттеріне ұқсамауы тиіс", – деді Жаир Болсонару. 

 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу