"Биыл біз автобус паркін 25%-ға жаңартуды жоспарлап отырмыз. Алғашқы автобустар жазда келеді. Жаңа автобустар келген бойда біз қосымша бағыттарды іске қосу мүмкіндігін қарастырамыз. Биыл қалаға орта есеппен 300-ден 500-ге дейін жаңа автобус сатып алмақпыз. Бұл бүгінгі күннің 25-30 пайызын құрайды", - деді Жеңіс Қасымбек Байқоңыр ауданының тұрғындарымен кездесуде.
Айта кетейік, биыл Астанада 8 жаңа қалалық маршрут пен қала маңында жүретін 24 маршрут пайда болады.
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ
Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу