Жаңа қарыздар субсидияланбайтын болды

679

Жаңа қарыздар субсидияланбайтын болды

ҚР үкіметінің шешіміне байланысты және ҚР Ұлттық банкінің жоспарлаған "7-20-25" жаңа тұрғын үй бағдарламасын іске қосуға байланысты "Қазақстан Ипотекалық Компаниясы" ИҰ" АҚ, "Бәйтерек" ҰБХ" АҚ еншілес ұйымы "Ипотекалық несиелендірудің қолжетімділігін арттыру" бағытын – "Нұрлы Жер" тұрғын үй құрылысы бағдарламасы аясында жүргізілген ипотекалық тұрғын үй қарыздары бойынша сыйақы мөлшерлемесін субсидиялауды тоқтатады, деп хабарлайды Baq.kz.

"Қазақстан Ипотекалық Компаниясы" ИҰ" АҚ екінші деңгейдегі банктер берген ипотекалық қарыздар бойынша сыйақы мөлшерлемесінің бір бөлігін субсидиялады. Бағдарлама әрекет еткен уақыт ішінде 37,21 млрд теңге сомасына 3 566 қарыз мақұлданды. Соның ішінде, 2017 жылдың жеті айында – 13,3 млрд.теңге сомасына 1,303 қарыз, 2018 жылдың бес айында 23,9 млрд теңге сомасына 2 263 өтінім.

Ағымдағы жылдың қаңтарында мақұлданған қарыздар сомасы шамамен 4 млрд теңге, ақпан айында – 3,66 млрд, наурызда – 3,7 млрд, сәуірде – 4,4 млрд, мамырда – 3,8 млрд теңге болды. 2018 жылдың маусым айында 20 күн ішінде компанияға 4,3 млрд теңге сомасында 385 өтініш түсті.

Субсидиялау бойынша жұмыстарды "ҚИК" ИҰ" АҚ екінші деңгейлі банктермен: "Банк ЦентрКредит" АҚ, "Сбербанк" АҚ ЕБ, "Банк ВТБ" АҚ, "АТФБанк" АҚ, "Нұрбанк" АҚ, "Цеснабанк" АҚ және "Қазақстанның тұрғын үй құрылыс жинақ банкі" АҚ ("Жеке тұрғын үй құрылысын дамыту" бағыты бойынша) бірлесіп жүзеге асырды.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу