Жаһандық әскери шығын көлеміне індет әсер етпеді

582

Әскери шығындардың өсуіне жаһандық ЖІӨ-нің 4,4%-ға төмендеуі себеп болған.

Жаһандық әскери шығын көлеміне індет әсер етпеді

2020 жылы жаһандық әскери шығын көлемі 1,981 трлн долларға дейін өсті. Бұл 2019 жылғы көрсеткішпен салыстырғанда 2,6%-ға көп. Яғни пандемия бұл салаға  айтарлықтай әсер етпеді.Әскери бюджеті басқа елдерге қарағанда едәуір көп бес елдің қатарына АҚШ, Қытай, Үндістан, Ресей және Ұлыбритания кірді, деп хабарлайды Inbusiness.kz әлем мәселелерін зерттеумен айналысатын Стокгольм халықаралық институты жариялаған дерекке сілтеме жасап.

"Пандемия 2020 жылы жаһандық әскери шығындарға айтарлықтай әсер етпеді деп айтуға болады. Биылғы көрсеткіш қандай болатынын алдағы уақытта көреміз", – институт өкілі Диего Лопес да Силва.

Әскери шығындардың өсуіне жаһандық ЖІӨ-нің 4,4%-ға төмендеуі себеп болған. Нәтижесінде 2020 жылы әскери жүктеме 2019 жылмен салыстырғанда 0,2%-ға артып, орта есеппен 2,4%-ға жетті. Дегенмен бірқатар ел шығындарды азайтқан. Былтыр Бразилия мен Ресей бастапқыда жоспарланғаннан әлдеқайда аз қаражат жұмсады.

Табиғат Нұрболат

Фото: pbs.org

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу