Жаһандық бидай тапшылығы болуы мүмкін – Bloomberg

551

Бұған Украинада және бірқатар Еуропа елдеріндегі егіннің аз мөлшері әсер етіп отыр.

Жаһандық бидай тапшылығы болуы мүмкін – Bloomberg Фото: inbusiness.kz

Аталмыш себептер жоғары сапалы ұн тартатын бидайдың жаһандық тапшылығына соқтыруы мүмкін, деп хабарлайды inbusiness.kz тілшісі Bloomberg-ке сілтеме жасап.

Украроконсалт компаниясы сарапшыларының пікірінше, жиналған бидай өнімінің тек 35-40 пайызы ғана жоғары сапалы болады. Бұл - соңғы онжылдықтағы ең төменгі көрсеткіш. Сонымен қатар, Одесса облысының порт инфрақұрылымы бойынша дрондардың соңғы шабуылдарының салдары да астықты елден әкетудің қауіпсіздігіне әсер етеді.

Әскери қақтығыс жағдайында жергілікті фермерлердің тыңайтқыштарды қолдануға қолжетімділігі шектелді. Ал жоғары ылғалдылық егін жинау сапасын төмендетті.

Еуропалық фермерлер де осындай проблемаға тап болды. Франция мен Солтүстік Еуропа мемлекеттерінде мол жауын-шашын астық сапасының төмендеуіне әкелді. Германияда нөсер жаңбырдың салдарынан жергілікті фермерлер бидай дақылының бестен бір бөлігін ғана жинай алды. Қолайсыз ауа-райы Ұлыбританиядағы егіс жұмыстарына да теріс әсер етті. Британдық ауыл шаруашылығы мен бау-бақшаны дамыту Кеңесі жаңбырлы ауа-райы бидайдың шіріп кетуіне әкелуі мүмкін, дейді.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу