Тіпті, олар жекелеген елдер былай тұрсын, тұтастай жаһан экономикасын ақсатып отыр. "Астана клубтың" алтыншы отырысына жиналған сарапшылар осылай деді.
Басты тақырыптың бірі әлемдік экономиканың пандемиядан кейінгі ахуалы. Оның үстіне, АҚШ пен Қытайдың ара-қатынасына сызат түскендіктен, жаһанданудың жаңа архитектурасы қандай болады деген сауал да өзекті.
Сондай-ақ Қазақстанның алдағы онжылдықтағы Орталық Азия өңірінің көшбасшысы ретіндегі рөлі де айтылды. Коронавирус әлем экономикасын ақсатқан тұста жаппай вакцинацияға әрекеттері қайшы топтардың тыйылмауы жағдайды күрделендіріп отыр.