Жаһандық іскерлік белсенділік индексі 7 айда алғаш рет оң динамика көрсетті

Бизнес-климат индексі де біршама жақсарған. 

Жаһандық іскерлік белсенділік индексі 7 айда алғаш рет оң динамика көрсетті Фото: inbusiness.kz

Бұл туралы Үкімет отырысына Ұлттық банк төрағасы Ғалымжан Пірматов мәлім етті, деп жазады inbusiness.kz.

"Соңғы 7 айда алғаш рет іскерлік белсенділіктің жаһандық композиттік индексі (global PMI) оң аймаққа өтіп, осы ақпан айында 52,1-ге дейін өсті. Респонденттер Қытай экономикасының ашылуына байланысты сұраныстың артқанын, рецессиялық тәуекелдердің төмендегенін және логистикалық маршруттардың жақсаруына байланысты баға қысымының әлсірегенін атап өтті", – деді ҰБ төрағасы.

Ақпан айында Қазақстандағы іскерлік белсенділік индикаторы 50-ді көрсетті.

"Бұл оң өзгерістердің де, теріс өзгерістердің де болмағанын көрсетеді. 49,1-ден 51,6-ға дейін көтерілген құрылыс саласында іскерлік белсенділіктің жақсарғаны байқалды. Қызмет көрсету секторында индекстің төмендеуіне қарамастан, индекс 50,6-ны құрап, оң аймақта қала берді", – деп түсіндірді Пірматов.

Ал бизнес-климат индексі біршама жақсарған. Кәсіпорындардың бағалауы бойынша, бизнес жүргізудің қазіргі жағдайлары аздап төмендегеніне қарамастан, қолайлы болып қалды. Сонымен қатар бизнес жүргізудің алдағы жағдайларына қатысты болжамдар жақсарды. Барлық секторда тауар жеткізу мерзімдерінің ұзақтығы іскерлік белсенділікті тежейтін фактор болып қалып отыр.

 

 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу