Сарапшылардың есебі бойынша, 2020 жылы көрсеткіш 3,3%-ға дейін өсуі мүмкін. Сондай-ақ олар ЖІӨ-нің динамикасы өткен жылғы көрсеткішпен салыстырғанда жақсаруы ықтимал екенін жариялады. 2019 жылы жаһандық өсім 2,9%-ға жеткен болатын.
АҚШ-та ЖІӨ өсімі 2,3%-дан (2019 жыл) 2%-ға (2020 жыл) төмендейді.Ал еуроаймақта, керісінше, келесі жылы 1,2%-дан 1,3%-ға дейін өседі.
Қордың бас экономисі Гита Гопинатхтың айтуынша, егер де Қытай мен АҚШ-тың сауда келісімі ұзақ мерзімді болса, 2020 жылдың соңында қос алпауыт арасындағы сауда тартысының жаһандық ЖІӨ-ге кері әсері 0,5%-ды құрауы мүмкін. Бұған дейін мамандар 0,8% болады деп болжаған еді.
Сонымен қатар қор сарапшылары алдағы жылдары климат өзгерісі жаһандық экономика өсімі үшін негізгі факторлардың бірі болатынын айтып өтті.
Табиғат Нұрболат