Жабайы жануарлар үшін жем-шөп толтырылған астаулар орнатылды

1815

 Жабайы  жануарлар үшін жем-шөп толтырылған астаулар орнатылды

Аңшылық шаруашылығының өкілдері Риддер маңындағы жабайы  жануарларға қорек тасуды бастады, деп хабарлайды altaynews.kz.

Суық түсіп,  аяз күшейіп, қар қалыңдағанда  түз тағыларының жайылып қорек табуы да қиынға соғады. Тіпті олардың ашыққандары әлсіреп, қыстан шыға алмай да қалып жатады. Сондықтан табиғат жанашырлары ең алдымен жем-шөп толтырылған астауларды, қабандар мен еліктердің азық табуы қиын қары қалың алаңқайларға орнатқан.

Қыс қаһарына мінген осындай кезеңде жануарларға  адамзаттың көмегі ауадай қажет.

"Біз жыл сайын осы маңда мекендейтін тағы жануарлардың қысқы қорегін табуға көмектесеміз. Осы мақсатта  20 шақты жем астаушаларын әзірлеп қойғанбыз. Оларға үнемі шөп қана емес, тұз да салып кетеміз", - дейді "Кучиха" аңшылық шаруашылығының өкілі Валерий Дьяков.

Бұндай шара көптеген аң-құстың қыс маусымында аштан өлмеуіне сеп болады. Алайда жабайы аңдарға арналған бұл астауларды  жергілікті үй жануарлары бұзып кетіп жатыр, сол себепті қорықшылар астауларды  қолдарыннан келгенше сауыттап қоятын болған. Түз жануарларына жем тасудан басқа  осы кезде аңшылық шаруашылығының өкілдері жабайы аң-құстардың есебін де жүргізеді.  Дәл осы көрсеткіш арқылы кейін аң аулау лимиті белгіленеді.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу