Жәбірленуші тарап Бишімбаев қорғаушыларының өтініштерін қабылдамауды сұрады

1027

Жәбірленуші тараптың мүддесін қорғайтын адвокат Жанна Уразбахова мен Игорь Вранчев Қуандық Бишімбаевтың барлық өтінішін соттан орындамауды сұрайды.   

Жәбірленуші тарап Бишімбаев қорғаушыларының өтініштерін қабылдамауды сұрады Фото: Астана қалалық қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық соты

Нүкеновтер тарапы істің "кісі өлтіру" 99-бабынан "абайсызда кісі өлтіру" 104-бабы бойынша қайта даярлауға ешқандай негіз жоқ екенін мәлімдеді, деп жазады inbusiness.kz.

Бишімбаев қорғаушыларының бүгінгі өтініштерінің негізгісі – Бишімбаевқа тағылған айыпты "абайсызда өлтіріп алу" бабына ауыстыру. Жәбірленуші тарап бапты өзгертудің еш негіз жоқ деп санайды. Егер өтініш қанағаттандырылса, Бишімбаевтың жазасы жеңілдейді.

Жәбірленуші тараптың адвокаты Игорь Вранчев "Бишімбаевтың денсаулығым нашарлады" деген сылтаумен камерадан шығудан бас тартқанын айтты. Алайда, келген дәрігерлер Бишімбаевты тексеріп, оның денсаулығы жақсы екенін анықтаған.

Сонымен қатар айыптау тарапы алдын ала тыңдау барысында оқылған Бишімбаевтың адвокаттарының әрбір өтінішіне жіті-жіті тоқталды.

"Ұсынылған дәлелдер негізгі сот талқылауын тағайындауға кедергі келтірмейді", - деп сендірді прокурор.

"Іс бойынша келтірілген залал мен өлім арасындағы себеп-салдарлық байланыстарды тікелей анықтайтын барлық қажетті сараптамалар жүргізілді. Іс бойынша 50-ден астам куәгерден жауап алынды, олар Бишімбаевтың әдейі ұрғанын көрсетіп отыр", - деді жәбірленуші тараптың адвокаты Жанна Уразбахова.

Осылайша ол қылмыстық іс бойынша сотталушы Қуандық Бишімбаевты қорғау тарапы жолдаған өтінішхаттың бәрін қанағаттандырмауды сұрады.

Сот шешім шығару үшін сот залынан шықты.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу