"Заң қолданылғалы бері 16 ақпандағы жағдай бойынша республикалық соттарға 11 мың сотталғанның ісі жолданып, оның 7 мыңы қаралғандығы белгілі болды. Еліміздегі бас бостандығынан айыру орындарынан 500-ге жуық адам босап шықты. Сондай-ақ, жазасын қоғамнан оқшаулаусыз өтеген және пробация бақылауында тұрған 1,5 мың адам да еркіндікке шықты", - деп хабарлады ҚР ІІМ ҚАЖ комитетінің баспасөз қызметі.
Сонымен қатар заңды іске асыру аясында сот 500 сотталғанның, оның ішінде түзеу мекемесінде жазасын өтеп жатқан 270 адамның жазасының өтелмеген бөлігі қысқартылады деп тапты. 20-дан астам жазасын өтеушіге сот аталған заң қолданылмайтынын анықтады. Оның негізгі себебі ретінде сотталғанның келтірген залалын толық өндірмегені болып отыр.
Алайда рақымшылық заңында көрсетілгендей, белгілі бір уақыт ішінде залал толық көлемде өндірілетін болса, сотталған адам сотқа қайта жүгіне алады