Жәбірленушілер Мейіржан Төребаевты тергеу изоляторынан босатуды сұрады

750

Олар вайнерге қысым жасалуы мүмкін деп есептейді. 

Жәбірленушілер Мейіржан Төребаевты тергеу изоляторынан босатуды сұрады

"Mudarabah Capital" қаржы пирамидасының салымшылары вайнер Мейіржан Төребаевты тергеу изоляторынан босату туралы өтініш жазды, деп хабарлайды inbusiness.kz.

Олар блогерге қысым жасалады деп есептейді.

Еске сала кетсек, Мейіржан Төребаевты қамауға алған күні ол оқырмандарына бейнеүндеу жасаған. Онда вайнер еш кінәсіз екенін айтып, өзін де "жәбірленуші" деп атады. Әрі оған қысым жасалуы мүмкін екенін хабарлады. 

Сонымен қатар қаржы пирамидасының жәбірленушілері істі ҚР Ішкі істер министрлігінің Тергеу департаменті немесе Бас прокуратура қарауын талап етіп отыр.

Салымшылар "Astex" компаниясының басшылығы мен осы ұйымның есепшісін де жауапқа тартуды сұрайды.

"Ораз Әділет пен вайнер Әзімжан Саидбаевтың қайда екені әзірге белгісіз. Бір жыл өтті, олар әлі табылған жоқ, бостандықта жүр", – дейді жәбірленушілер.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу